Ресей азаматшасы Қазақстанда 7 жылға жуық заңсыз зейнетақы алып келген

16:28, 13 шілде 2018

Алматы. 13 шілде. 7kun.kz – 65 жастағы зейнеткер, Ресей азаматшасы Қазақстан бюджетін  6 миллион теңгеден астам шығынға ұшыратты.  Ресейлік азаматшаның қылмыстық ісі Бородулиха аудандық сотында қаралды, деп хабарлайды abctv.kz.

Ол 2008 жылдан бері Ресей жерінде зейнетақы алып келген. Бірақ 2011 жылы зейнетақы тағайындап беріңдер деп ҚР құзыретті органдарына барған. Сөйтіп екі елді бірдей алдаған зейнеткер екі арықтан су ішіп келген.

«Осылайша, Т. екі азаматтығы барын жасырған. Қазақстанда 2011 жылдың ақпанынан 2018 жылдың мамырына дейін зейнетақы алып келді. Нәтижесінде, мемлекетке 6 354 373 теңге көлемінде шығын келтіріп отыр», – дейді сот өкілі.

Айыпталушы 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!