Qazaq Textilе lndustry ұлттық бірлестігі құрылды

15:03, 11 желтоқсан 2019
427

Алматы. 11 желтоқсан. 7kun.kz — Жеңіл өнеркәсіп саласындағы 100-ден астам ұйым салалық міндеттерді бірлесіп шешу үшін бірікті және «Qazaq Textilе lndustry жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының ұлттық бірлестігі» өзін-өзі реттеу ұйымын құрды, деп Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Министрлік бұл саланың ЖІӨ құрылымындағы үлесін арттыруға және отандық тауар өндірушілердің экспортқа шығуына ықпал етеді деп санайды.

«Qazaq Textile Industry қолдауымен жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының өндірістік кооперациясын дамыту, шикізат пен фурнитурадан жоғары бөліністі дайын бұйымдарға дейін тұрақты байланыс тізбегін құру жоспарланып отыр», — делінген ведомство хабарламасында.

Ұйымға отандық тауарлардың сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, нарыққа қатысушылардың тұтынушылар алдындағы жауапкершілігін күшейту, саланы дамыту үшін технологияларды енгізу, қолданбалы зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды дамыту және оларды одан әрі коммерцияландыру міндеттері жүктелген.

Сондай-ақ, ұйым жергілікті қамтуды дамытумен, тоқыма және былғары өнеркәсібі кәсіпорындарын жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары үшін шикізат өндірісіне бағыттаумен айналысады, мемлекеттік органдармен және ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жасауға, жоғары қосылған құны бар жеңіл өнеркәсіп өнімдерін сыртқы нарықтарға шығару бойынша саланың экспорттық әлеуетін дамытуға әсер етеді.

Еске сала кетейік, 2015 жылы 60-тан астам кәсіпорынды біріктірген жеңіл өнеркәсіп өндірушілер одағы құрылды.

Он жыл ішінде саладағы өндіріс көлемі 3,6 есеге, 2008 жылғы 27,5 млрд теңгеден 2018 жылдың қорытындысы бойынша 93,7 млрд теңгеге дейін өсті.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!