«Qazaq Banki» халықтың депозиттерін қабылдай алмайды

17:06, 31 шілде 2018

Алматы. 31 шілде. 7kun.kz – 2018 жылғы 31 шілдеден бастап 28 қыркүйекке дейін «Qazaq Banki» АҚ-тың (бұдан әрі – Банк) жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашуға лицензиясы тоқтатыла тұрады, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Бұл шешімді Ұлттық Банк Банктің банктік заңнама талаптарын жекелеген бұзушылықтарына қадағалаушылық реттеу шеңберінде және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабының 1-тармағы в) және г) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша, төлем және аударым операциялары бойынша шарттық міндеттемелерді үнемі (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) тиісінше орындамау және үнемі (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) пруденциялық нормативтерді және (немесе) басқа сақталуы міндетті нормалар мен лимиттерді бұзғаны үшін қабылдады.

Лицензия жаңа депозиттерді тартуға және жеке тұлғалардың жаңа банк шоттарын ашуға қатысты тоқтатыла тұрады және Банктің қолданыстағы депозиттері мен клиенттеріне қызмет көрсетуге қатысы жоқ.

2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Банк жеке тұлғаларының қабылданған депозиттерінің көлемі 22 млрд теңгені құрайды. Банктің жеке тұлғалардың депозиттік портфелінің үлесі банк жүйесі бойынша жеке тұлғалардың депозиттерінің жиынтық көлемінің 0,3%-ын құрайды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!