Qazaq Air Нұр-Сұлтан — Алматы, Шымкент бағытындағы әуе рейсін шегерді

19:09, 8 желтоқсан 2019

Нұр-Сұлтан. 8 қараша. 7kun.kz — Qazaq Air әуе компаниясының Нұр-Сұлтан-Алматы, Нұр-Сұлтан-Шымкент бағытындағы әуе рейсі кейінге шегерілді. Бұл туралы 7kun.kz тілшісі хабарлады. 

Нұр-Сұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежай сайтындағы онлайн таблода бірнеше рейстің тоқтағаны немесе кейінге шегерілгені жазылған. 17:40-та Алматыға, 18:25-те Шымкентке ұшуы тиіс Qazaq Air рейсі тоқтатылған. Сондай-ақ, 20:30 ұшуы тиіс Эйр Астана ұшағының да кейінге шегерілгені туралы ақпарат тұр.

Әуе компанияларының қызметкерлері мұны Алматыда тұман болуымен түсіндіреді.

Рейсі кейінге шегерілген жолаушылар әуе компанияларының құжат тіркеу бағандарының маңына жиналып тұр. Оларға Qazaq Air тарапынан неше сағатқа кешігетіні туралы берілмеген.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!