Путин Тоқаевты Мәскеуге шақырады

09:33, 12 маусым 2019

Алматы. 12 маусым. 7kun.kz — Ресей президенті Владимир Путин ШЫҰ-ның барлық көшбасшыларына 2020 жылы Мәскеуде өтетін Жеңістің 75 жылдық мерекекесіне ауызша шақыру жібереді, деп хабарлайды «РИА Новости».

«2020 жылы Мәскеуде өтетін салтанатты шараларға қатысу үшін мемлекет басшыларына тиісті шақыру ауызша беріледі», – деп мәлімдеді РФ басшысының көмекшісі Юрий Ушаков.

ШЫҰ саммиті 13-14 маусымда Бішкекте өтеді.

Бұған дейін Путин Жеңіс күнінің 75 жылдығын мерекелеуге лайықты дайындалуды тапсырды.

Айта кетейік, ШЫҰ құрамына сегіз ел кіреді: Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан. Төрт мемлекет бақылаушы мәртебесіне ие – Моңғолия, Иран, Ауғанстан және Беларусь. Сондай-ақ, диалог бойынша алты серіктес ел бар: Шри – Ланка, Түркия, Әзірбайжан, Армения, Камбоджа және Непал.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!