Прокатқа кезекті отандық фильм шықты

09:10, 20 наурыз 2018

Алматы. 20 наурыз. 7kun.kz — Кеше «Sulpak Cinema» компаниясы мен «Cinemax» кинотеатрлар желісі «Регистратор» атты қазақстандық кинотуындының алдын-ала жабық көрсетілімін өткізді.

Фильм – Make Films компаниясының дебюті. НТК телеарнасынан көрсетілетін “Патруль” хикаясының авторлары бұл туындыда басты рөлдерді ойнап қана қоймай, режиссер әрі продюсер міндетін Мейірхан Шерниязов, сценарий авторлары міндетттерін Медет Аманбаев пен Мейіржан Төребаев атқарды.

Авторлардың айтуынша, сценарий 7 күн ішінде жазылып, түсірілім барысында толықтырулар мен өзгертулер енгізілді. Кинотуынды Алматы қаласында 2017 жылы желтоқсанда 9 күн ішінде түсірілді. Бастапқы түсірілген жобадан алғашқы рет 9 минут қысқартылса, кейін тағы  4 минут еш аяусыз алынып тасталды.

Экранға шыққан фильмнің ұзақтығы – 83 минут.

Қоюшы-оператор – Сәбит Семетаев. Екінші оператор Айдар Оспанов, суретші-қоюшы Ақылбек Ерманов, монтаж режиссері Әнуар Мәтжанов, дыбыс режиссері Денис Коноплев және композитор Александр Шевченко.

Комедия жанрындағы бұл фильмге Әбунасыр Серіков (Аға ма әлде неке ме, Ғашық жүрек, Сұр бойдақ), Еділ Анарбаев (Патруль) және Әзім Саидбаев (Үйленгендер) түсті.

Ержан есімді жігіт бай әрі кірпияз кәсіпкердің автожүргізушісі болып жұмысқа тұрады. Қожайын өзінің қымбат көлігін қатты бағалайтыны бірден белгілі болады. Бұған дейін жарты жыл жұмыссыз болған Ержан жұмысқа шыққан алғашқы күні оны әуежайға шығарып салады. Оның алғашқы тапсырмасы көлікті тұраққа қою. Жолда ол өзін әбігерге салған достарымен кездеседі. Олар қымбат машинаға отырып, неше түрлі оқиғаға тап болады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!