Президенттің парламенттегі өкілдігінің басшысы тағайындалды

10:42, 19 шілде 2019
261

Алматы. 19 шілде. 7kun.kz – Бейбіт Исабаев Президенттің парламенттегі өкілдігінің басшысы болып тағайындалды, — деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Өкілдігінің басшысы қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды», — делінген президент қаулысында.

Ол Қазақстанның Әзербайжандағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды.

Бұған дейін бұл қызметті атқарған Қайрат Нұрпейісов басқа жұмысқа ауысты.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!