Президент жанынан Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылады

18:46, 12 маусым 2019
437

Нұр-Сұлтан. 12 маусым. 7kun.kz — Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Президент  жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы Қаулыға қол қойды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 20) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) құрылсын, делінген Қаулыда.

Сондай-ақ, Президент Әкімшілігіне  бір айлық мерзімде саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар көшбасшыларымен, азаматтық сектор өкілдерімен Кеңесті қалыптастыру және оның жұмыс тәртібі мәселелері бойынша консультациялар өткізуді, оның қорытындысы бойынша Кеңес құрамы мен Кеңес туралы ережені енгізуді тапсырған.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!