Президент Ұлттық банкті қайта құру туралы жарлыққа қол қойды

15:32, 5 желтоқсан 2019
475

Алматы. 05 желтоқсан. 7kun.kz — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Жарлыққа қол қойды.

Оған сәйкес, енді екі жеке ведомство — Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі болады.

2019 жылғы 11 қарашадағы № 203 қаулы «Параграф» ақпараттық жүйесінің веб-сайтында орналастырылған.

Құрылған агенттік Қазақстан Президентіне бағынатын және есеп беретін болады. Ведомство 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмысқа кіріседі.

Агенттік қаржы нарығын реттеумен және дамытумен, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесумен, қаржы жүйесіне сенімділікті сақтаумен және адал бәсекелестікті қолдауға бағытталған қаржы ұйымдарының қызметі үшін тең құқықты жағдайлар жасаумен айналысатын болады.

Агенттіктің штат саны — 547 адам.

Айта кетейік, жарлықтың орындалуын бақылау Президент Әкімшілігіне жүктелген.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!