Президент Нұр-Сұлтандағы жарықтың сөнуіне кінәлілерді табуды тапсырды

12:09, 11 қараша 2019

Алматы. 11 қараша. 7kun.kz — ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елордада бірқатар ғимараттарда жарықтың сөніп қалуына байланысты Үкіметке арнайы комиссия құруды тапсырды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елорданың басым бөлігінде жарықтың сөніп қалуына әкеп соқтырған апатты жағдайға байланысты Үкіметке арнайы комиссия құруды тапсырды. Оған вице-премьер Роман Скляр төрағалық етеді», — делінге жазбада.

Комиссия мұқият зерттеу жүргізіп, кінәлілерді анықтап, қажет болған жағдайда істі құқық қорғау органдарына өткізеді.

Сонымен қатар, Президент Үкімет пен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінен алдағы уақытта мұндай жағдайларға жол бермеу үшін шұғыл шаралар қабылдауды талап еткен.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!