Президент латын әліпбиін жетілдіруді тапсырды

16:39, 21 қазан 2019

Алматы.  21 қазан. 7kun.kz  — Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев латын қарпіндегі қазақ тілінің әліпбиін жетілдіруді тапсырды. Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter-де жазды.

«Әліпбиді латын қарпіне көшіру туралы тарихи шешімнің қабылданғанына екі жылға жуықтады. Бірақ қарпімізде әлі де олқылықтар бар. Тіл мамандары жаңа әліпбиді жетілдіруі керек. Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұловаға тиісті тапсырма бердім. Алдымызда ауқымды жұмыс тұр», — деп жазды Президент.

Еске сала кетейік, 2017 жылғы 26 қазанда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлыққа қол қойды.

Латын қаріпіне көшу кезең-кезеңмен, 2025 жылға дейін жүзеге асырылады.

Бірінші кезең 2018-2020 жылды қамтиды. Осы кезеңде нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөніндегі дайындық жұмыстары мен іс-шаралар жүргізіледі.

Екінші кезең — 2021-2023 жылдар. Осы кезеңде ұйымдастырушылық және әдістемелік іс-шаралар өткізіледі.

Үшінші кезең — 2024-2025 жылдар. Жергілікті және орталық мемлекеттік органдардың, мемлекеттік БАҚ және мемлекеттік баспа басылымдарының іс қағаздарын латын графигіне аудару (кезең-кезеңімен). Сондай-ақ білім беру ұйымдарының іс қағаздарын латын графигіне кезең-кезеңмен көшіру.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!