Президент әкімдерге имидждік іс-шараларды күрт азайтуды тапсырды
Алматы. 23 наурыз. 7kun.kz – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге имидждік іс-шараларды азайту туралы тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың твиттердегі парақшасына сілтеме жасап.
“Мемлекеттік шығыстардың басты міндеті – қарапайым адамдардың мәселелерін шешу. Қазір орталықта және жергілікті жерлерде өткізілетін имидждік іс-шараларды күрт азайту керек. Мен Үкіметке, әкімдерге осындай тапсырма жүктеймін. Ысырапшылыққа мемлекет деңгейінде тосқауыл қоюымыз қажет. Тұрғындарымызға таза ауыз су, баспана, жұмыс орындары, жайлы өмір үшін инфрақұрылым қажет. Міне, біз осы міндеттерді шешетін боламыз. Министрлер мен әкімдердің жұмысын нақты проблемаларды шешу нәтижелері бойынша бағалайтын боламын. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік дамуының маңызды факторлары – дені сау ұлт, денсаулық сақтау саласын дамыту және саламатты өмір салтын қалыптастыру”, – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:04, 8 қараша 2023
«Қазақстанды монеталар арқылы зертте!» атты көрме өтуде
-
20:55, 2 қараша 2023
Бюджет жобасын «даму бюджеті» емес, «қолдау бюджеті» деп атауға болады — Руслан Берденов
-
20:36, 2 қараша 2023
Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 95 жылдығына арналған гала-концерт өтті
-
20:30, 1 қараша 2023
«Bereke Bank» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы өзгерді
-
12:18, 31 қазан 2023
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 95 жыл