Польша инвесторлары Қазақстанда өнеркәсіптік жылыжай салады

12:42, 19 шілде 2019

Алматы. 19 шілде. 7kun.kz — Түркістан облысы Қарамұрт ауылында Ecoinvest SA компаниясы өнеркәсіптік жылыжай салады. Польша инвесторларының қаражатына салынатын кешен 20 гектарды алады. Биыл 11 гектарда құрылыс аяқталады деп жоспарланған. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жылыжай кешенінде жыл сайын 16 мың тонна қызанақ пен қияр өсіріледі деп күтілуде. 500 адам жұмыспен қамтылады. Жылыжайдың сметалық құны – 7,5 млрд теңге. Өнімдерді Қазақстанда және Ресейде сату жоспарланып отыр. Серіктестік директоры Берік Іляевтің айтуынша, жылыжай құрылысына жұмсалған қаражат бес жыл бойы өтеледі.

Айта кетейік, Өмірзақ Шөкеев агроөнеркәсіп кешені саласында атқарылған жұмыстармен танысу үшін Сайрам ауданына барды. Алдымен Манкент ауылында орналасқан «Нұрым Груп» ЖШС-іне кіріп, ондағы жұмыстардың жай-күйін бақылады. 10 000 бас ірі қара малға арналған бордақылау алаңы мен құрама жем цехы бар серіктестік жылына 5000 тонна ет өнімдерін экспорттайды. Қазіргі таңда 6000 бас ірі қара мал өсіріліп, экспортталуда. Кәсіпорын ҚР ішкі нарығына және Иран Республикасына 2000 тонна сиыр етін жеткізген. 50-ге жуық адам жұмыспен қамтылған.

Сонымен қатар,облыс басшысы «Өмірәлі» шаруа қожалығына барып, егістік алқабындағы қызу жұмыстың барысымен танысты. Қожалық 5 гектар жер аумағынан гектарына 25 центнер өнім алып отыр.

Бұдан басқа, Ақсукент елді-мекеніндегі қуаттылығы 100 тонна сүт өнімін өңдейтін «Ақ-су» ЖШС-не  барды. Серіктестік бүгінгі таңда ірімшіктің 15 түрін өндірумен айналысады. Кәсіпорында бүгінгі таңда 80-ге жуық маман жұмыс істейді. Жұмыстың тиімділігін арттыру үшін арнайы құрал-жабдықтар Түркия Республикасынан әкелінген.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!