Павлодарда Kaspi-дің клиенттерін алдаған күдікті ұсталды

12:20, 22 шілде 2019

Алматы. 22 шілде. 7kun.kz – Kaspi-дің Қауіпсіздік қызметі Павлодар облыстық ІІД-мен бірлесіп, Kaspi-дің бұрынғы қызметкері, алаяқтық жасауда күдікті Руслан Сексембаевты тауып, тұтқынға алды. Жедел тергеу әрекеттерінің нәтижесінде күдікті 21 шілдеде Екібастұз қаласында ұсталған.

Сексембаев кепілдегі жылжымайтын мүлікті төмен бағаға сатып алуға көмек көрсетем деп уәде берген. Ол азаматтардың сеніміне кіріп, алдау арқылы оларды өзінің жеке шотына қаражат аударуға көндіріп, артынан бой тасалаған.

Күдіктіні ұстауға жәрдемдескені үшін Kaspi Сексембаевтың орналасқан жері туралы ақпарат берген азаматқа 10 миллион теңге мөлшерінде сыйақы төледі. Бұл азаматтың есімі оның қауіпсіздігі мақсатында және тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Тергеу аяқталғаннан кейін Сексембаев сот алдында жауап береді және біз ол заң жүзінде қатаң жазаға тартылады деп үміттенеміз. Kaspi құқық қорғау органдарымен бірлесіп, оның барлық сыбайластарын анықтау, клиенттердің мүдделерін қорғау мақсатында осы қылмыстың барлық мән-жайларын зерттеуді және тергеуді жалғастырады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!