Павлодар облысының әкімі ұсталды деген ақпарат расталған жоқ

14:27, 16 қаңтар 2020
520

Кеше әлеуметтік желі мен мессенджерлерде Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов көмекшісі және орынбасарының бірімен бірге ұсталды деген ақпарат тараған.

 Telegram-дағы «Yedilov online» арнасы алғашында ұсталды деген ақпарат таратқан, артынша жоққа шығарды.

Кешкісін Бақауовтың instagram-дағы парақшасында индустриалды-инновациялық даму басқармасы мен кәсіпкерлік және сауда бойынша отырысқа қатысқаны туралы жазба жарияланды.

Ал бүгін облыс әкімімен бірге ұсталды деген орынбасары Арыстан Кабикенов журналистермен кездесіп, өзі туралы жалған ақпаратты терістеуді сұрады.

Ол бұл ақпаратты естіп шокта екенін жасырмады. Кеше әдеттегі жұмыс күні болғанын айтқан ол түрік инвесторларымен кездесіп, жобалар туралы талқылағанын, әкімнің қатысуымен коллегия өткенін айтқан.

Ал облыс әкімінің баспасөз қызметі болса БАҚ өкілдеріне әкімдіктің қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

«Облыс басшылары жұмыс орнында. Облыс әкімі қазір әкімдік ғимаратында емес, бірақ ол жұмыс бабымен Павлодарда», — деді Бақауовтың баспасөз хатшысы Ернар Сейтахмет.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!