Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов ұсталды деген ақпарат тарады

20:33, 15 қаңтар 2020
1084

Бұл туралы Telegram-дағы «Yedilov online» арнасы хабарлады.

«Кейбір дерек көздерінің хабарлауынша ҰҚҚ қызметкерлері Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовты ұстаған. Сондай-ақ, оның көмекшісі мен облыс әкімінің орынбасарларының бірі қоса ұсталған.

Қазіргі кезде ол Павлодар облыстық ҰҚҚ ғимаратында тергеуде. Оның жұмыс орны мен үйінде тінту жүргізілуде», деп жазды
«Yedilov online».

Құзырлы органдар бұл туралы әлі ақпарат таратқан жоқ.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!