Парижде Huawei P30 мен P30 Pro таныстырылды

23:58, 26 наурыз 2019

Алматы. 26 наурыз. 7kun.kz – Бүгін қытайлық Huawei компаниясы Парижде жаңа флагмандық P30 смартфондарын таныстырды. Бұл туралы бірқатар әлемдік БАҚ жазды.

Бұған дейінгі P20 үлгісі сияқты бұл флагман да үш түрде: P30 Pro, P30 және P30 Lite шықты. Таныстырылым барысында Huawei Consumer Business Group басшысыРичард Ю алғашқы екеуі туралы айтты.

Смартфондар Kirin 980 платформасында құрастырылған. Операциялық жүйесі Android 9.0, фирмалық интерфейсі EMUI 9.1. P30 6-8 ГБ оперативтік және 128 ГБ флэш-жадымен, P30 Pro сәйкесінше: 8 және 256 ГБ жадымен жабдықталған. Екі түрі де екі SIM карта мен жадыны 256 ГБ дейін ұлғайтуға болатын NM бар.

Екі үлгі де экранның артқы бөлігінен алдына ауыстырылған саусақ сканерімен, су мен шаңнан қорғайтын корпуспен жабдықталған, NFC қолдайды.

Huawei P30 Pro төрт камералы. Негізгі камера 40 Мп, екіншісі 20 Мп үшінгісі 8 Мп камера. Төртінші камера ToF. Бұл P30-да жоқ. 40 Мп, 16 Мп, 8 Мп камерасы бар. Камералар қараңғы жерде түсіруге бейімделген. Бұл жағынан iPhone XS Max и Samsung Galaxy S10+ асып түсуге талпынғаны байқалады.

Huawei P30 3650 мА·ч аккумулятормен, Huawei P30 Pro үлкенірек 4200 мА·ч. аккумуляторымен жабдықталған.

Смарфтондардың тағы бір ерекшелігі олармен соңғы үлгідегі 7 түрлі
Audi автокөліктерін оталдыруға болады.

Айта кетейік, өткен жылы Huawei 20 млн астам смартфон сатты. Олардың ең сұранысқа ие болғаны Huawei P20, Mate 20 мен Honor 10.

Смарфтондардың қазақстандық таныстырылымы 4 сәуір күні Алматыда өтеді. Оған A Studio тобы қатысып, үлкен концертке ұласпақ. Ал смартфондарға қазірдің өзінде алдын-ала тапсырыс беруге болады. Huawei P30 Lite, 128 GB бағасы 149990 ₸, Huawei P30 299990 ₸, Huawei P30 Pro, 256 GB 399990 ₸.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!