Panasonic Huawei-мен ынтымақтастықты тоқтатты

09:57, 23 мамыр 2019

Алматы. 23 мамыр. 7kun.kz – Жапондық Panasonic корпорациясы Huawei Technologies-пен жұмысын тоқтатты. Оның себебі — АҚШ-ның қытайлық компанияға қарсы шектеу шараларын қолдануы, деп хабарлайды Nikkei Asia Review.

Жапон компаниясның мәлімдеуінше, әңгіме Қытай смартфондарына арналған кейбір компоненттерді жеткізуді тоқтатуға байланысты. Panasonic өнімдерінің қатары американдық технологияларды пайдаланады. Нақты қандай компоненттер мен өнімдер екені әлі нақтыланбады.

Өткен жылы Huawei жапон компанияларынан 700 млрд йенге ( 6,3 млрд доллар) тауар сатып алған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Google-дің бас компаниясы Alphabet Inc. Қытай компаниясының АҚШ үкіметінің қара тізіміне кіруіне байланысты Huawei-мен ынтымақтастықты тоқтататыны хабарланды. Alphabet Inc үшін ол бұдан былай Huawei-мен тек ашық бастапқы коды бар бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы алмаса алады дегенді білдіреді.

Alphabet Inc үшін ол бұдан былай Huawei-мен тек ашық бастапқы коды бар бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы алмаса алады дегенді білдіреді.

Reuters дереккөзінің мәліметтері бойынша, іс жүзінде Android мобильді операциялық жүйесімен шығарылған Huawei өндірісінің барлық смартфондары оның жаңартуларына қолжетімділігінен айырылады. Барлық жаңа Huawei құрылғыларына Google әзірлеген бағдарламаларды орната алмайды, мысалы: Gmail электрондық поштасы, Google Play қолданбалар дүкені.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!