Отандық киім өндірісі 7,5%-ға өсті

11:21, 19 қараша 2019
1163

Алматы. 19 қараша. 7kun.kz — Қазақстанда 2019 жылдың 10 айында жеңіл өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,9%-ға өсіп, ақшалай мәнде 87,5 млрд теңгені құрады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде хабарлады.

Бұл ретте тоқыма бұйымдары өндірісінде 23,7%-ға және киім өндірісінде 7,5%-ға өсім байқалды.

Министрліктің ақпараты бойынша, жеңіл өнеркәсіп саласы үш негізгі топты біріктіреді: тоқыма өнеркәсібі — 52%, киім-кешек өндірісі — 38%, сондай-ақ, былғары және оған қатысты өнімдер — 10%.

«2019 жылдың 1 қыркүйектегі көрсеткіштер бойынша жеңіл өнеркәсіп бағытында 1030 кәсіпорын жұмыс істейді, олардың 96% — бұл шағын кәсіпорындар, қызметкерлердің тізімдік саны шамамен 11 мың адам. Елімізде жеңіл өнеркәсіп бағытында жұмыс істейтін кәсіпорындар ұлттық компаниялар, денсаулық сақтау саласындағы ұйымдарға, Қазақстанның қарулы күштері мен тәртіп сақшыларына, сондай-ақ қарапайым халыққа арналған киімдерді шығарады. Олардың қатарында сырт киімдер, ерлерге арналған костюмдер, балалар киімі, бас киім, үй тоқымасы және аяқ киімдер бар. Бұдан басқа, отандық кәсіпорындар мақта-мата иірілген жіптер мен маталар, кілем, былғары өнімдерін халыққа ұсынады», — делінген хабарламада.

Ведомствода жеңіл өнеркәсіп саласы бойынша 2018 жылы 5 кәсіпорын пайдалануға берілгенін атап өтті.

Сонымен қатар, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2019 – 2021 жылдарға арналған жеңіл өнеркәсіпті дамыту бойынша жол картасын әзірледі.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!