ОСК сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялады

12:17, 10 маусым 2019
291

Алматы. 10 маусым. 7kun.kz – Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы 2019 жылдың 9 маусымында өткен кезектен тыс президенттік сайлауда кандидаттарға сайлаушылардың қанша дауыс бергендігін жариялады.

«Қазақстан Республикасы бойынша Жамбыл Ахметбеков 167 249  дауыс немесе сайлаушылардың 1,82 пайыз дауысын, Дания Еспаева 478 153  дауыс немесе сайлаушылардың 5,2 пайыз дауысын, Әміржан Қосанов 1 472 733 дауыс немесе  сайлаушылардың 16,02 пайыз дауысын, Төлеутай Рахымбеков 294 271 дауыс немесе 3,2 пайыз дауысын, Амангелді Таспихов 190 304 дауыс немесе сайлаушылардың 2,07 пайыз дауысын, Қасым-Жомарт Тоқаев 6 504 054 немесе сайлаушылардың 70,76 пайыз дауысын, Сәді-Бек Түгел 84 348 дауыс немесе сайлаушылардың 0,92 пайыз дауысын  жинады», — деді ҚР ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров.



Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!