Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздік мәселелеріне арналған ғылыми конференция өтеді

11:51, 21 маусым 2021

Бүгін 14:00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы оқырман залында «Орталық Азиядағы геосаяси процестің даму бағыты және Қазақстан: Аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздік мәселелері» атты ғылыми конференция өтеді.

The Qazaq Times ақпараттық агенттігі ұйымдастырып отырған ғылыми талқы отырысына отандық және шетелдік саясаттанушылар, сарапшы мамандар шақырылған. Ғылыми шарада қатысты саланың мамандары  қазіргі жаһандық геостратегиялық өзгерістер мен державалар арасындағы шиеленісті қарым-қатынастың Қазақстанды қамтыған Орта Азияға жасап отырған ықпал-әсері, ықтимал сын-қатерлерін талқылайды.  Орта Азиядағы аймақтық түйткілдерге – діни радикал күштердің қаупі және этноаралық қақтығыстар мәселесі мен оны шешу жолдары қарастырылады. Бұған қоса, АҚШ және НАТО-ның Ауғанстанға қатысты жаңа шешімдеріне байланысты  аймақта  орын алуы мүмкін жаңа жағдайларға ғылыми болжамдар жасалады.

Шараның мақсаты аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қатысты проблемаларды талдау және шешу жолдарын қарастыру, аймақтағы өзекті мәселелерге байланысты отандық мамандардың ортақ пікірін қалыптастыру, Қазақстанды қамтыған аймақтағы геосаяси өзгерістерге отандық  БАҚ-тың назарын аударту.

Ғылыми конференция бұқаралық ақпарат құралдарына ашық, offline және online форматта өтеді. Zoom-да онлайн қатысу үшін 894 5328 1528  Кілтсөз: 499550 (https://us02web.zoom.us/j/89453281528?pwd=MG9MVFZVWEV1dHJrZW1IdmRqTklCZz09)

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!