Ораз Жандосов Бағдат Мусиннің кеңесшісі болды

15:55, 23 мамыр 2022

Алматы. 23мамыр. 7kun.kz – Білікті экономист Ораз Жандосов ҚР Цифрлық даму, инновационалар және аэроғарыш өнеркәсібі министр Бағдат Мусиннің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалы, деп хабарлайды 7kun.kz.

Бұл туралы Бағдат Мусин өзінің Фейсбуктегі парақшасына жариялады.

«Қазіргі заманда цифрландыру барлық салаларды қамтыған. Әр саланы саралап, бұл бағыт бойынша қанша дерек цифрлық нұсқада жинақталатынын және қаншасын жүйелеу қажеттігін айқындау керек. Бұл – data driven government-ке көшу жолындағы негізгі талап. Мысалы, геологиядағы ақпараттың цифрлық нұсқасын алайық. Тонналаған қағаздар сканерленді, бірақ ондағы мағлұматтарды түсіну қиын, сондықтан осы геологиялық деректерді «сөрелер» бойынша реттейтін тиісті база қажет. Мұндай жұмыс әр сала бойынша атқарылып, жіктеліп, өзекті деректер ұсынатын дұрыс процестер құрылуы керек! Бұл тұрғыда біздің министрлік түрлі экономикалық саладағы қоғам белсенділерімен тығыз жұмыс істеуі тиіс . Кейде маңызды шешім қабылдау үшін тәжірибелі кісілердің кеңесі қажет боп жатады . Маған кез келген сәтта кеңес беретін ас тәжірибелі, өзій арқа сүйейтін кісілердің бірі — Ораз Әлиұлы Жандосы. Онымно «Қазпоштад» жұмыс істегенде танысқан болатынмын, ол кезде тәуелсіз директор болатын жәна Директорлар кеңесінің төрайымы Елена Бахмутовамен бірге мағаны тәжірибелки тұрғыда көпа қолдау көрсетіп , бағыт-бағдар жасаған еді. Сонда құрылған корпоративтік басқарудың сауатты жүйесін осынд, яғните ЦДИАӨЙ-де енгізгій келеді. Сондықтан мен экономика саласының майталманы Ораз Жандосовқа штаттан тыс кеңесші болуға ұсыныс жасадым. Менің ұсынысымды қабыл алғаныңыз үшін алғыс айтамын!», деп жазды министр Мусин.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!