ОПЕК 2020 жылы мұнайға сұраныстың өсуін күтеді

09:19, 12 шілде 2019
358

Алматы. 12 шілде. 7kun.kz — ОПЕК 2020 жылы әлемдегі мұнай сұранысы ағымдағы жылдың деңгейінде — тәулігіне 1,14 млн баррельге артып, орташа жылдық сұраныс тәулігіне 100 млн баррельден асып түседі деп болжап отыр.

ЭЫДҰ елдері тарапынан сұраныс тәулігіне 90 мың баррельге өседі. Бұл ретте оң динамика Солтүстік және Оңтүстік Америка елдерінде ғана күтіледі, ал Еуропа мен Азия-Тынық мұхиты өңірінде сұраныс төмендейді деп күтілуде.

«2020 жылы мұнайға сұраныстың өсу қарқынына әсер етуі мүмкін факторлар негізгі тұтынушы елдердегі макроэкономикалық өзгерістерді, ауыр дистилляттарды табиғи газбен және басқа да отын түрлерімен ығыстыруды, субсидиялау бағдарламалары мен оларды тоқтату жөніндегі жоспарларды, өңдеу саласындағы мегажобаларды пайдалануға беру/кідірту/жабу салдарын және әсіресе көлік секторында отын шығынын азайту жөніндегі бағдарламаларды қамтиды»,-делінген баяндамада.

Осылайша, 2020 жылы мұнайға орташа жылдық сұраныс, ОПЕК болжамы бойынша, тәулігіне 100 млн баррельден асып, тәулігіне 101,01 млн баррель деңгейіне жетеді.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!