Оңтүстік Корея инвесторлары Қазақстандағы жасыл жобадан бас тартты

15:20, 13 маусым 2019
465

Алматы. 13 маусым. 7kun.kz – Оңтүстік Кореяның инвесторлары Түркістан облысында 7,4 млрд теңгенің күн электр станциясын салмайды. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасынан хабарлады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Бәйдібек ауданында «жасыл жоба» іске қосылуы тиіс болатын.

«Қазіргі уақытта оңтүстік кореялық Emperial Energy және KK-Kuinsen компаниялары салады деген нысан инвесторлар тарапынан қызығушылық болмағандықтан салынбайтын болды», – деп түсіндірді басқармадағылар. 

Естеріңізге сала кетейік, электр стансасында 50-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылуы тиіс болатын.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!