Онлайн сатып алуда қалай қателеспеуге болады?

09:28, 22 қыркүйек 2021

Онлайн шопинг бүкіл әлем бойынша адамдардың өміріне дендеп ене бастады, бұл үрдіс, әсіресе, Covid-19 індеті кезінде дамыды. Facebook-тің 2021 жылға берген Future of Shopping есебіне сәйкес, оқшаулану жағдайы онлайн-сауда индустриясының дамуын 5 жылға жылдамдатқан. Бұған қарамастан, кейбір адамдар өлшемнен қателесу, сапасын танымау қорқынышының кесірінен, жеткізу мерзімі немесе қайтарып беруді рәсімдеуге алаңдағаннан әлі де онлайн алаңдардан тауар сатып алуға қорқады.

Онлайн-шопингті жағымды әрі сенімді процеске айналдыру үшін, AliExpress командасы пайдалы кеңестерді ұсынады.

Саудагерлер мен тауарлар туралы көбірек біліп алыңыз

Офлайн және онлайн саудалардың басты айырмашылығы – қашықтықтан сауда кезінде тауардың сапасы туралы тек суреттер мен сипаттамалардың негізінде ғана қорытынды жасай аласыз. Сондықтан саудагердің сенімділігіне көз жеткізіп алу маңызды. Мұны қалай істеуге болады?

Дүкеннің ашылған уақытына, тапсырыстар санына және дүкен туралы оң пікірлердің пайызына мән беріңіз. Тағы бір маңызды көрсеткіш – саудагердің рейтингі. AliExpress-те сауданы максималды түрде қауіпсіз жасауға арналған, жеткізушіні бағалау механизмі бар. Сенімді саудагерлердің мұндай рейтингі 95-98%-ды құрайды. Жеткізушіні бағалаудан бөлек, тауарлар рейтингі де бар, яғни жұлдызшалар саны көрсетілген, бұл да таңдау жасауға көмектеседі. Бұл рейтинг неғұрлым жоғары болса, тауар соғұрлым жақсы деген сөз. Көрсеткіштері 4,5 жұлдызшадан басталатын тауарларды таңдауға тырысыңыз.

Киім мен аяқ киім сатып аларда өлшеміне назар аударыңыз – олар бойынша бір дүкендікінің басқа дүкеннен айырмашылығы болуы мүмкін, сондықтан әдетте саудагерлер өлшем кестесін ұсынады, сол бойынша сіздің өлшемдеріңізге келетін тауарды анықтауға болады. Фото-пікірлер – сатып алушылар алған тауарды көрудің және тұтынушының нақты бір саудагерден сатып алуы туралы мәлімет алудың тағы бір тамаша мүмкіндігі.

Саудагерлерге сұрақ қойыңыз

Егер сіз әлі алаңда тауар сатып үлгермеген жаңа дүкеннен сауда жасайын деп жатсаңыз, саудагерге сауал жолдап, нақты уақыттағы тауардың суретін сұрап алып, оның сапасы мен көрсетілген сипатқа сәйкестігіне көз жеткізе аласыз.

Дүкеннің жоғары көрсеткіші мен оң пікірлерге қарамастан, сізде тағы да сұрақтар туындаған жағдайда да сіз саудагерден тауардың суреттерін сұрай аласыз.

Саудагерлермен байланысу үшін AliExpress-те бірнеше жол бар:  e-mail немесе тауардың парақшасына хабарлама жолдау. Егер тауарға тапсырыс беріп қойған болсаңыз, жеке кабинеттегі «Менің тапсырыстарым» бөліміне кіріп, тапсырыс аттарындағы сатып алу тізіміне кіріп, «Қосымша» бағанын тауып аласыз және конверт бағанасы көрсетілген «Саудагерге хабарлама» батырмасын басасыз.  

Жеңілдіктер алыңыз

AliExpress-тегі дүкендер өз тұтынушыларын маусымдық жеңілдіктермен және акциялармен жиі қуантып отырады. Одан өзге, платформада тұтынушылар жеңілдік купондарын да ала алады.

Ресми сайт купондары көтерме сауда алдында, арнайы акциялар аясында шығарылады және автоматты түрде немесе белгілі бір әрекеттер атқарылғаны үшін, мысалы ұялы қосымшада тіркелгеніңіз үшін, достарыңызды шақырғаныңыз үшін, мини-ойындардан өткеніңіз үшін беріледі. Белсенді купондар пайдаланушының жеке кабинетінде, «Менің купондарым» — «AliExpress купондары» бөлімінен ашылады.  

Саудагер купондары тек белгілі бір дүкендерге жеңілдік береді. Бұл жеңілдік талондары барлық уақытта дерлік қолжетімді және әдетте дүкенге тіркелгеніңіз үшін беріледі.

Тапсырысты сақтандыру

АliExpress кез келген тапсырыс сомасына тауарды сақтандырады. Платформа сатып алушыдан тауардың жеткізілгендігі туралы хабарлама күтеді. Егер сатып алушының қорғаныс мерзімі өтіп, қолданушы еш шағым білдірмеген болса, ақша саудагерге аударылады. Осылайша, тауар сәйкес келмеген болса, оны кері қайтаруға болады.

Қазақстанда сәлемдемені қалай қадағалап, алуға болады?

Тауар ақысы төленген соң тапсырыс парағында тапсырыс мерзімі мен қадағалау нөмірі шығады. Бұл арнайы трек-код, оның көмегімен сәлемдеменің қай жерде жүргенін білуге болады.

АliExpress-тен сәлемдемені пошталық жолдамалардың интернет қызметтері немесе ұялы телефондарға арналған арнайы қосымшалар көмегімен қадағалауға болады.

Сәлемдеменің келгені туралы поштадан хабарламаны алған соң пошта бөліміне келу керек. Тапсырысты алу үшін өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы маңызды.  

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!