Онлайн қарыз беретіндерге алданған адамдар ескертеді!  

09:00, 19 маусым 2018
792

Микрокредиттік ұйым ретінде сайт ашып, интернет арқылы адамдарды алдап, ақша тауып жүрген алаяқтар көбейіп кетті. Оған дәлел –  форумдарда жазылып жатқан арыз-шағымдар.

Қайырлы күн! Маған «Кредит Тенге» компаниясы 300 мың теңге несие беруді мақұлдады. Сосын виртуальды картаны активация жасау үшін 4900 теңге сұрады. Пайыздары туралы келіспес бұрын бұлай жасағаны күдік туғызды. Олардың қолдау көрсету қызметіне жаздым, жауап келген жоқ. Содан байланысу үшін ешқандай телефон нөмірі көрсетілмегенін байқадым. Интернетті ақтарып осы ұйым туралы бірнеше адам теріс пікір білдіріп, алаяқтар екенін жазған соң активация жасамадым. Әйтпесе, алаяқтардың қақпанына түсуге аз қалып едім. 

Перов Вячеслав 

Тағы да бір онлайн лохотронды таптым. Ол жерде өте әдемі ертегі айтады. Міне, сайты: online-saim.kz. Алданбаңдар. 

Виктория 

Жоғарыдағы схемамен жұртты алдайтын тағы бір ұйым бар, ол «Казахстан Финанс». Бүгін оларға алданып қалдым. 500 000 теңге қатты керек болып, несиеге өтініш берген едім. Активация үшін ақша жібер деді. Картамнан 5 000 теңге жібердім, төлегенімді растаған чекті де қоса салдым. Сол күйі жауап берген жоқ. Асыққанда есім шығып, алданып қалыппын. Олардың орталық офисі Алматы қаласында орналасқан. Индексі –050040. Мекенжайы: Алматы қаласы, Есентай Тауэр бизнес-орталығы, Әл-Фараби даңғылы, 77/7. Электронды поштасы: consultant@kz-fin.com. Демалыссыз таңғы 10:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді. 

Руслан 

Алаяқтардың бәрі алдын-ала төлем сұрайды екен. Өткенде сондай біреуінің құрығына түстім. Ешқандай мекенжайы, call-орталығы жоқ. Онымен қоса мен бәс тігуге де (ставка) алдандым. Инстаграмда адамдарды жарнамасымен қызықтырады, бір күннен кейін сіз үлкен сома ұттыңыз деп жазады. Ақша өте көп болғандықтан оны шығарып алу үшін ақша сұрайды. 90 000 теңге жібердім. Қандай ақымақ едім! Алдап кетті. ОЛХ-тің де алдауына түстім. Маған жолым болғанын жазып еді. Ұтып алған ақшаны шығарып алу үшін комиссия төле деген. 11 000 теңге салдым. Киви терминалдарға қайта-қайта жүгіріп шаршап кеттім. Қысқасы, олар мені алдап кетті. Айуандар! Жіберген ақшам өздерінің еміне кетсін. 

Радик 

Мен микрокредит беретін ұйымдарға екі рет алдандым. Алдын-ала 4 900 теңге сұрап, сұрағанын жібергенмін. Сонымен бітті, жауап жоқ. Ең өкініштісі олар біздің ақшамызды өздерінің арам мақсаттарына жұмсайды. Оларды қалай табуды ешкім білмейді, сондықтан жазаланбайды.

Айнұр 

Осылай боларын біліп тұрып, мен де алдандым. Ақша қатты керек болған соң, басқа амалым болмаған еді. 5000 теңге жібердім, келесі күні еш жауап қатпады. Тіпті жеке кабинетім де блокталған. Телефонға жауап бермеді.  

Шолпан 

Халайық, онлайн қарыз алмаңыздар. Пайыздары сұмдық жоғары, күн сайын өседі. Біреуін алып, екіншісін жабамын деп ойлағанмын. Екіншісін аз мөлшерде берген. Жұмысымда айлығымды кешіктірген соң, оларды төлей алмай қалдым, ал пайыз болса күніне қосылып жатыр. Туыстарымнан қарыз сұрап едім бермеді. Енді  тек асылып өлу ғана қалды. Алайда көп балалы анамын, артымда жауапкершілік бар. Күйеуім жұмыссыз. Өзім жалғыз бала-шаға асырап отырмын, енді жетпегендей онлайн займға кіріп кеттім. Азық-түлікке ақша жетпей алып едім. Оңай бере салатын ақшаға алданбаңыздар. Енді зомби сияқты жүрмін. Бала-шаға үшін ғана өмір сүріп жатырмын. 

Гүлсара 

Маған мына нөмірден: +7 901 724 7528  қазақстандық банктен деп хабарласты. Маған несие беру туралы шешім шыққанын айтты. Қағаздан оқып берді. Жергілікті «РНКБ» банкінен ақшаны шешіп ала алады екенмін. Ол үшін алдын-ала 3 100 рубль ақша аударуым керек екен. Бұл аударатын ақша үшін ұсталатын пайыз деп түсіндірді. Негізінде олардың аударатын ақша үшін пайыз ұстауға құқығы жоқ. Мен 200 000 рубль несиеге өтініш бергенмін. Әрине, бұл көп ақша. Шарттары қарыз алушы үшін өте тиімді. Бірақ күдікті болып отыр. Енді ойланып отырмын.  

 Данил 

Негізінде шағын несие беретін ұйымдар активация үшін алдын-ала пайыз алмауы керек. Сондықтан қарыз аларда абай болыңыз. Онлайн несие беру шарты бойынша мерзімі келгенде қарыздың пайызы күніне қосылып отырады. Дәл сол уақытта сізде ақша болатынына 100 пайыз сенімді болмасаңыз, мұндай несиеге жоламауға кеңес береміз. 

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!