Өндіруші кәсіпорындар бағасы 9,4%-ға жоғарылады

14:46, 2 тамыз 2018

Алматы. 2 тамыз. 7kun.kz – 2018 жылғы қаңтар-шілдеде өндіруші кәсіпорындар бағасы 9,4%-ға жоғарылады, деп хабарлайды Статистика комитеті.

Бағаның кен өндіру өнеркәсібінде – 13%, өңдеу өнеркәсібінде 5,6%-ға жоғарылауы байқалды. Өнеркәсіптік өнім – 9,7%, өнеркәсіптік сипаттағы қызметтер 6%-ға қымбаттады.

Жыл басынан бергі кезеңде өндіруші кәсіпорындар бағасы мұнайға – 14,7%, мазутқа – 11,3%, табиғи газға – 5,9%, көмірге – 4,7%, металл кендеріне – 4,2%, сұйытылған пропан және бутанға 3,2%-ға жоғарылады, бензинге 1,7%-ға төмендеді.

Бағаның ферроқорытпаларға – 16,7%, қара металдар илегіне – 11,2%, алюминийге 9,2%, қорғасынға 4%, мысқа 3,6%-ға жоғарылауы, олардың мырышқа 3,5%-ға төмендеуі тіркелді.

Өндірушілер бағасының күрішке – 9%, қантқа – 5,3%, өсімдік майына – 3,7%, шайға – 3,4%, қара бидай ұнына – 1,9%, мал етіне – 1,3%, балыққа – 1%, нанға 0,4%-ға жоғарылауы, олардың бидай ұнына – 2,5%, жармаларға – 2,4%, құс етіне 1,6%-ға, сүт өнімдеріне және макарон өнімдеріне 1,4%-дан төмендеуі байқалды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!