Он үшінші қарашаға арналған мұнай және металл бағамдары

09:30, 13 қараша 2019

Алматы. 13 қараша. 7kun.kz — Он үшінші қарашаға арналған мұнай және металл бағамдарының бағасы анықталды.

Мұнай: сейсенбі күні кешке мұнайдың әлемдік бағасы өсті, ал инвесторлар американдық президент Дональд Трамптың сауда мәселелері бойынша сөз сөйлеуін күтіп отыр. 22: 34-тегі жағдай бойынша Brent маркалы солтүстік теңіз мұнай қоспасына қаңтар фьючерстерінің бағасы 0,93%-ға, барреліне 62,76 долларға дейін, WTI маркалы мұнайға желтоқсан фьючерстерінің бағасы 0,93%-ға, барреліне 57,4 долларға дейін қымбаттады.

Металлдар: алтын құны сейсенбі күні кешке төмендеді, трейдерлер американдық президент Дональд Трамптың сөз сөйлеуін күтіп отыр. 22: 34-тегі жағдай бойынша Нью-Йорктағы COMEX биржасында алтынға желтоқсан фьючерсінің бағасы 10,45 долларға немесе 0,72%-ға төмендеп, бір троялық унциясы 1447,15 долларға сатылды. Бұған дейін сауда-саттық барысында көрсеткіш 1457,75 долларға дейін өсті. Күмістің желтоқсан айындағы фьючерс бағасы 0,95%-ға, унция үшін 16,642 долларға дейін төмендеді, деп жазды 1prime.ru.

Криптовалюталар: coinmarketcap.com порталының мәліметтері бойынша, 22:37-де bitcoin 8 753,65 доллар саудаланды. Соңғы 24 сағатта бірінші криптовалюта 0,03%-ға арзандады, ал оның капитализациясы 157,94 млрд долларды құрады. Осы уақытта Ethereum 0,41%-ға арзандап, 185,79 доллар тұрды. Бұл криптовалютаны капиталдандыру 20,16 млрд долларды құрады. Нарықтың жаһандық капитализациясы — 238,21 млрд доллар.


Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!