Он екінші тамызға арналған мұнай және металл бағамдары

09:43, 12 тамыз 2019
413

Алматы. 12 тамыз. 7kun.kz — Он екінші тамызға арналған мұнай және металл бағамдарының бағасы анықталды.

Мұнай: investing.com порталының мәліметтері бойынша 23:05-те Brent маркалы солтүстік теңіз мұнай қоспасының қазан фьючерстерінің бағасы 0,03%-ға — барреліне 58,27 долларға дейін төмендеді. WTI маркалы мұнайдың қыркүйек фьючерстерінің құны 0,55%-ға, барреліне 54,2 долларға дейін төмендеді.

Металдар: 23:10 жағдай бойынша алтынға тамыз фьючерстерінің бағасы 0,009%-ға төмендеп, бір троялық унциясы 1 507,10 долларға сатылды. Күміс фьючерсінің құны 0,19%-ға — бір унциясы үшін 16,892 долларға дейін қысқарды.

Криптовалюталар: coinmarketcap.com порталының мәліметтері бойынша, 23:15-те bitcoin 11 479,05 долларға сатылды. Соңғы 24 сағатта бірінші крипто-валюта 0,81%-ға қымбаттады, ал оның капитализациясы 205,15 млрд долларды құрады. Осы уақытта Ethereum бағасы 1,67%-ға қымбаттап, 213,61 доллар тұрды. Бұл криптовалютаны капиталдандыру 22,92 млрд долларды құрады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!