Өмірлік несие? Менің оқиғам… 

16:42, 16 наурыз 2018

Басымда миллион сұрақ. Ойланып, ойланып миым да істемей қалған сияқты. Банктің системасын түсінбей тұрмын. Мүмкін мен бірдеңені дұрыс істемеген шығармын. Төмендегі хатымды оқып, ой түйіп көріңіз.

Банкке рахмет! Ақша қатты керек кезінде қиындықтан құтқарып қалды. Осы ақшаның арқасында үйге жөндеу жұмыстарын жасап, құдаларымызды күтіп алдық. Аяқ-астынан 18 жастағы жап-жас інім үйленем деп, (келін көтеріп қалыпты) ақша керек боп қалды. Келін де, інім де студент болатын. Содан оларға қолғабыс ету менің мойыныма ілінді. Үйдегілердің оларды асырауға жағдайлары жоқ. Сөйтіп, құдалық өткізу үшін 2013 жылы 700 мың теңгеге несие рәсімдедім, 3 жылға. Яғни, 2016 жылға дейін төлеп бітіруім керек. Ай сайынғы төлем 42 мың теңгені құрады. Бір жыл бойы уақытында төлеп тұрдым. Содан кейін жеке басымда қаржылық қиындықтар туындап, 42 мың теңге төлей алмай қалдым. Сосын банктен несие мерзімін 3 айға ұзартуын сұрағанмын. Сонда мерзім ұзарғанмен, айлық төлем қысқарып маған жеңіл болады. Банк өзінің шарттарын қойды: 9 айға мерзімін ұзартты және содан кейін айына 13 мың теңгеден төлейтін болдым. Бірақ, несие осы уақытқа дейін әлі төленбей келеді. Тоғыз айдан кейін банк қайтадан басқаша есептеп, шарттарын маған ескертпестен жаңа төлем қойған. Енді айына 31 мың теңге төлеуің керек деп міндеттеді. Енді ай сайын осы соманы төлеп келемін. Call орталыққа хабарласып едім, әлі 380 мың теңге бар екенін айтты. Банктің бас офисіне барып, «Қарыз мөлшері неге көп?» деп сұрадым. Банк пайызын өзгерткен екен, енді осы 31 000 теңгенің 12 000 теңгесі несиені жапқанға кетсе, 19 000 теңге – пайызын төлеуге кететін болып шықты. Енді бұны әлі 3 жыл төлеуім керек екен. Ал, менің есептеуім бойынша, қарызды пайызымен қоса баяғыда төлеп біткем. Тіпті, қазіргі таңда артық төлеп жатырмын. Осындай ситуацияда не істеуге болады?

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!