Нығматулин Есеп комитетінен Білім және ғылым министрлігінің шығындарын тексеруді сұрады

14:49, 18 сәуір 2018

Алматы. 18 сәуір. 7kun.kz – Мәжіліс отырысына қатысқан Нұрлан Нығматулин Білім және ғылым министрлігінің әлеуметтік зерттеулер өткізу үшін қосымша қаржы сұрауын сынға алды деп жазады lsm.kz.

Жиында спикер Нұрлан Нығматулин министрлік сұраған қаржыға қатысты сауалды ортаға салды.

“Біз Есеп комитетінен мемлекет қаржысының әлеуметтік зерттеулерге қалай жұмсалып жатқанын дұрыстап тексеруін сұраймыз. Зерттеулерге жұмсалатын ақша жыл сайын өсіп жатыр. Мүмкін, бұл байыппен тексеруді талап ететіп тұр”,-деді Мәжіліс спикері.

“Бөлінген 460 млн теңгеге олар тағы 800 млн теңге қосуымызды сұрап отыр. Бәрін қосқанда биыл министрлік әлеуметтік зерттеулерге 1,3 млрд теңге жұмсамақшы. Былтыр да әлеуметтік зерттеулерге дәл осы министрлік 1,3 млрд теңге жұмсаған еді. Осыдан кейін жыл сайын зерттеулерге млрд-тан астам ақша жұмсау министрлік жоспары ма деген ой келеді екен. Ерлан Кенжеғалиұлы (Сағадиев – ред.), егер бұл зерттеулердің нәтижесін көрсек, бағаласақ, ең болмағанда қолданысқа еңгізе алғанымызда ешкім қарсы болмас еді”, – деді Нығматулин.

Мәжіліс спикері Есеп комитетіне министрліктің шығындарын тексеру үшін әдеттегідей бір апта емес, нақтылап тексеруі үшін көбірек уақыт берді.

Өз кезегінде Есеп комитетінің төрағасы Наталья Гордунова тексеру жұмыстарының басталап кеткенін айтты.

“Жүзеге асып жатқан зерттеулердің нәтижесін көрейік. Үкіметке 15 мамырдан кейін зерттеулер нәтижесімен келгенде бұл жағдай туралы толығырақ ақпарат бере аламыз деп ойлаймын”,-деді комитет төрағасы.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!