Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті

16:12, 21 ақпан 2018

Алматы. 21 ақпан. 7kun.kz — Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті. Қауіпсіздік кеңесінің отырысында 2017-2020 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асыру мәселелері, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысындағы қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық ахуал қарастырылды, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы былтыр қабылданған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы туындайтын қауіптер мен сын-қатерлерді анықтауға және оларға уақтылы тойтарыс беру шараларын қолдануға мүмкіндік беретінін атап өтті.

“2017 жылы біз ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында бағдарламалық құжат қабылдадық. Ұлттық қауіпсіздік қорғаныс немесе ішкі саясатта ғана емес, сонымен қатар экономика, өскелең ұрпаққа тәрбие беру және басқа да барлық салаларда қамтамасыз етілуге тиіс”, – деді Қазақстан Президенті.

Бұдан бөлек, жиын барысында Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін көтеру, жаңа жұмыс орындарын ашу, инфрақұрылымды жетілдіру, сондай-ақ апатты жағдайдағы мектептерді қалпына келтіру, жаңа мектептер салу және өңірдегі діни экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға бірқатар нақты тапсырма берді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!