Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы қанша жолаушыға қызмет көрсетті?

15:40, 19 шілде 2018
671

Алматы. 19 шілде. 7kun.kz – Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында 2018 жылдың І жартыжылдығында жолаушылар көлемін 17 %-ға артты, деп хабарлайды әуежайдың баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы 2018 жылғы қаңтар-маусымында 2 млн 145 мың 154 жолаушыға қызмет көрсетті, бұл көрсеткіш 2017 жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 17 %-ға көп.

2018 жылғы 6 айда халықаралық әуежай ішкі бағыттағы жолаушылар көлемін 12 %-ға арттырып, осы аралықта 1 млн 346 мың 578 адам әуежай қызметіне жүгінген. Бұдан өзге, биылғы жылғы қаңтар-маусымда елорданың әуе қақпасы халықаралық бағыттағы 798 мың 576 жолаушыға қызмет көрсетіп, 2017 жығы І жартыжылдықтағы көрсеткіш нәтижесін 26%-ға арттырған.

Сондай-ақ, 2018 жылғы І жартыжылдықта Астана әуежайынан 14 мың 353 ұшақ  ұшқан (бұл көрсеткіш 2017 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 11%-ке артық).

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!