Нұрсұлтан Назарбаев бес елдің басшысымен телефон арқылы сөйлесті

11:38, 20 наурыз 2019

Алматы. 20 наурыз. 7kun.kz – Нұрсұлтан Назарбаев Ресей, Өзбекстан, Беларусь, Қырғызстан президенттерімен, сондай-ақ Армения премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен әңгіме барысында тараптар 2019 жылдың 20 наурызынан бастап Назарбаевтың өкілеттігін тоқтату туралы шешімін талқылады. Хабарламада айтылғандай, Назарбаев пен Путин болашақта тұрақты байланыстарды жалғастыру туралы уағдаласты.

Сонымен қатар, Елбасы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековпен, Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен әңгімелесті.

Өзбекстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты «осындай шешім қабылдауға қабілетті ұлы саясаткер және Президент» деп атады.

Қырғызстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың екі ел халықтары арасындағы бауырластық қарым-қатынастарды нығайтуға қосқан зор үлесін атап өтті.

Лукашенко Нұрсұлтан Назарбаевпен көпжылдық достықты және Қазақстан мен Беларусь арасында қалыптасқан игі қатынастарды жоғары бағалайтынын айтты.

Елбасы РФ, Қырғызстан, Өзбекстан және Беларусь басшыларымен телефон арқылы болашақта тұрақты байланыстарды жалғастыру туралы келісімге келді.

Армения премьер-министрі Николай Пашинян Назарбаевпен телефон арқылы сөйлескенде оның қабылдаған шешіміне байланысты өкінішін білдіріп, Қазақстан Президентінің екі ел арасындағы өзара іс-қимылды дамытудағы елеулі рөлін атап өтті.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!