Нұрсұлтан әуежайында боранға байланысты 14 рейс шегерілді

11:25, 17 қаңтар 2020

Халықаралық «Нұрсұлтан Назарбаев» әуежайында ауа-райына байланысты 14 рейс кейінге шегерілген. Оның 9 ұшып келіп, 5 ұшып кетуі тиіс еді.

Әуежайдың баспасөз қызметінің хабарлауынша
FlyArystan-ның екі рейсі (Павлодар, Москва),
Air Astana-ның 7 рейсі (Алматы – 2 рейс, Қызылорда, Шымкент – 2 рейс, Ақтөбе, Орал) ұшып кетуі тиіс болған.

Air Astana-ның Алматыға 4 рейсі, «Аэрофлот» әуе компаниясының Мәскеуге 1 рейсі ұшпай қалған.

Желдің жылдамдығы секундына 15 метр немесе одан асқан жағдайда әуе кемелерін мұзға қарсы сұйықтықпен өңдеуге тиым салынады.

Рейстердің кешігуіне қарамастан халықаралық әуежай қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!