«Нұрлы жер» бойынша қаражатты игере алмаған аймақтар

15:15, 19 маусым 2018

Алматы. 19 маусым. 7kun.kz –  «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы бойынша қаражатты игерудің төмен деңгейі Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында және Астана қаласында байқалып отыр. Бұл жайлы инвестиция және даму бойынша вице-министр Роман Скляр мәлімдеді, деп хабарлайды LS.

Жалпы бағдарламаны іске асыруға 2018 жылы бюджеттен 148,6 млрд теңге қарастырылған. Сонымен бірге үкімет «Нұрлы жер» бағдарламасының статусын мемлекеттік деңгейге дейін көтерді.

Қаржыландырудың негізгі бөлігінде тұрғын үй құрылыс аудандарына инженерлік-коммуникацияны жеткізуге – 69,8 млрд теңге, сатып алу құқығынсыз аймақтардағы жалға берілетін тұрғын үйге – 26,9 млрд теңге, ТҮҚБ салымшыларына несие беруге – 24 млрд теңге, Астанадағы бұзу бойынша міндеттемелерді өтеу үшін – 20 млрд теңге, жеке құрылыс салушылардың қарыздарына және халық ипотекасына субсидия беруге – 7,9 млрд теңге қарастырылған.

«Бөлінген қаржыны игеру бойынша төмен көрсеткіштер Батыс Қазақстан (73,2%), Қызылорда (53,1%) облыстарында және Астана (32,3%) қаласында байқалып отыр. Кем дегенде 12,1 мн шаршы м жаңа тұрғын үйді қолданысқа беру бойынша ағымдағы жылға қойылған міндеттерді ескерсек, барлық әкімшіліктер бөлінген қаражатты уақтылы игеруі тиіс», – деп атап өтті Скляр.

Вице-министрдің айтуы бойынша, бағдарлама жобасында президенттің бес бастамасын іске асыру бойынша нормалар қарастырылған.

«Осылайша, 2019 жылдан бастап сатып алынбайтын жалға берілетін құрылысты жыл сайын қаржыландыруды 10 млрд теңгеге арттыру ұсынылып отыр. Бұл жыл сайын мыңдаған азаматтарды әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қосымша артып келе жатқан құрылыс көлемдерін қамтамасыз ету үшін 20  млрд теңгеге құрылыс алаңдарын инженерлік желілермен жабдықтауды қаржыландыруды арттыру қарастырылады», – деді Скляр.

Сондай-ақ Скляр өз жұмысшыларына қолдау көрсету бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға арналған нормалар қарастырылатынын хабарлады. Ұйымдар өздерінің қызметкерлеріне бастапқы жарна ретінде тұрғын үй қарызын бере алады. Бұл ұстаздардың, дәрігерлер мен мемлекеттік қызметкерлердің тұрғын үй мәселелерін шешуде айтарлықтай көмек болмақ.

Жалпы ағымдағы жылдың бес айының қорытындысы бойынша республикада 4,6 млн шаршы тұрғын үй қолданықа берілген, бұл 2017 жылғы деңгейден 2,7%-ға артық. 40,3 мыңнан астам отбасылар өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартты, олардың ішінде 2 мың отбасы мемлекет қаржысы есебінен баспаналы болды.

Аталған салаға салынатын инвестициялар 2017 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда (285,8 млрд теңге) 29,9%-ға артты және 391 млрд теңгені құрады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!