Нұрлан Оразалиннің баласы әкім болып тағайындалды

15:28, 25 мамыр 2022

Алматы. 25 мамыр. 7kun.kz – Еркебұлан Оразалин Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Алматы мәслихатының кезектен тыс ХХ сессиясында депутаттар Медеу ауданының әкімі қызметіне Еркебұлан Оразалин кандитатурасы ұсынылды.

Бұған дейін ол Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы қызметін атқарған. Оның кандидатурасын Алматы мәслихатының депутаттары бірауыздан қолдады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!