Нұр-Сұлтаннан Шанхайға тікелей әуе рейсі ашылады

18:37, 16 шілде 2019
302

Алматы. 16 шілде. 7kun.kz – Нұр-Сұлтаннан Шанхайға және Үрімшіге тікелей рейстер ашу жоспарлануда, — деп хабарлады Facebook-те ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті.

Азаматтық авиация комитеті мен елордалық әкімдігі қытайлық China Eastern Airlines және Urumqi Airlines әуекомпанияларымен өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылды. Оларға сәйкес ҚХР аумағындағы пункттерден Қазақстан елордасына тікелей рейстер ашу мүмкіндігі қарастырылған.

Нұр-Сұлтан – Шанхай рейсі 2020 жылдың бірінші тоқсанында іске қосылады деп жоспарланып отыр.

Қазақстандық әуекомпаниялар да осы бағытта ұшуға ниетті.

China Eastern Airlines – Қытайдың ең ірі әуекомпанияларының бір. Компанияның Штаб-пәтері Шанхайда орналасқан. China Eastern Airlines бүкіл әлем бойынша 100 млн-нан астам жолаушыға қызмет көрсетеді.

Urumqi Airlines бюджеттік әуекомпаниясы тұрақты рейстерді орындау кезінде 15 жолаушылар ұшағын пайдаланады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!