Нұр-Сұлтанда Кореяның «Алтын қоңырау» интеллектуалдық ойыны өтеді

14:41, 20 қыркүйек 2019

Алматы. 20 қыркүйек. 7kun.kz – Корей елінде «Алтын қоңырау» танымал ойын. Ол 20 жылдан аса уақыт бойы арнадан көрсетіліп, өзінің сүйікті көрермендерін тапты. Сайыс мектеп оқушылары, әсіресе жоғарғы сынып оқушыларына арналған. Оның басты шарты берген тапсырманы оқушылар сол жерде отырып табады. Қазіргі заманның жасының ой-өрісіне сай интеллектуалдық сайыс десек болады. Баланың ой-өрісінің дамуы мен жетілуіне ықпал етуші ойын ретінде көпшілікке белгілі. Сұрақтар түрлі пәндерден әзірленеді. Тарих, жағырафия, тіл, әдебиет, музыка тағы басқа салаларды қамтиды.

Аталмыш сайыс кешкі уақытта арнадан көрсетіледі. Балалармен бірге ата-аналар да осы ойында тамашалайды. Ұстаздар мен оқушылар көпшілігі осы ойын арқылы көп нәрсеге қол жеткізеді. Айталық, бірінші бұл ойын арқылы оқушылар интеллектуалды түрде дамуға бет бұрып, ғылым-білімге ынтасы оянады. Екінші, оқып жүрген, жақсы көретін пәнін қаншалықты білетінін тексере алады. Бақ сынап, талай мықтымен жарысады. Үшінші, оқушылардың арасында бір-біріне достықтары артады. Жаңа достар табады. Төртінші, осы ойын арқылы балалар арнаға шығуға қол жеткізеді. Өздері күнде көріп жүрген жұлдыздармен бірге кейде бір хабарда болады. Бесінші, мектеп ішінде бұл ойынға қатысып, жеңіп жатса беделі өседі. Жаңа бір көкжиектерге есік ашылады. Алтыншы, осы арқылы жеңімпаздар жоғарғы оқу орнына жолдама алып жатады. Ең ірісі де осы болса керек. Оның ішінде атап айтар болсақ, мұның жеңімпаздары корей елінің университетінің грантын толық алуға мүмкіндік алады. Бірақ ондай ірі мүмкіндіктер бұл ойында жиі бола бермейді. Жетінші, жақсы сыйлыққа қол жеткізеді. Кейбір кезде өздері ойламаған сыйлықтар оларды күтіп тұрады. Мысалы шетелге тір курсына бір-екі айға жолдама да ойыналды.

Корей елінің ұстаздарға бұл  ойынның да пайдалы жақтары көп. Мысалы, бірінші бұл ойын ұстаздардың оқушыларының оқуға деген ынтасын оятуға жол ашады. Екінші, мектептің беделі өседі. Жеңімпаз оқушы қай мектептің түлегі екені жарияланады. Үшінші, мектеп ішінде ұйымшылдық пен бірлікке тәрбиелейді. Осы ойын қаладағы немесе өңірдегі мектептің бірінде өткізілсе, сол мектептің біразға дейін беделі өсетін көрінеді. Ойынның өтуі де ойын барысында таңдалып, анықталады. Сондықтан, ойынның қызық тұстары көп. Ойын арасында  немесе соңында ұтыс та ойнатылады.

Бұл ойынға арнайы сұрақтар білім министрлігі, Корей елінің бірігу министрлігінен әзірлеген кездері де болған. Белгілі мұражай мен ғылыми орталықтардың сұрақтары беріліп, жауап беруші мен жеңімпазға сый-сияпат жасалынды. Ойын осындай тараптан да қолдау тауып отырады. Сонымен қатар ойын мектеп ішінде ғана емес, түрлі қоғамдық орындарда да өтіп келеді.

Ойынды жүргізуге кейде корей елінің танымал жұлдыздары шақырылады. Қазіргі таңда бұл ойын шетелдерде шығуда. Корей елінің мәдениетімен таныстыру барысында және жастардың корей тіліне қызығушылығын арттыру үшін интеллектуалды сайыс шетелге шыға бастады. Сол сөзіміздің дәлелі ретінде айтар болсақ бас қаламыз Нұр-Сұлтанға да жетті.

Ойын арасында оқушылар өздерінің қабілеттері мен өнерлерін көрсетеді. Көпшілік оқушы достары мен ата-аналарына деген тілектері мен алғыстарын осы ойын арқылы жеткізуге мүмкіндік алады. Ойын корей елінің «KBS» арнасында көбіне көрсетіледі. Ойынның ұраны «Мен қаламын ба, «Сұрақ қала ма» деген ұран. Бір қатысқанда 100 адам қатысады. Соңында ең мықтысы қалып, жеңімпаз атанады.

Жалпы «Алтын Қоңырау ойыны» Орта Азия аймағына бірінші рет келіп отыр. Сонымен қатар кешегі ТМД елдеріне де алғаш рет келіп отыр деп айта аламыз. Елордамызға өткелі отырған интелектуалды корей ойыны – екі елдің мәдени мен білім саласы байланысының бір нәтижесі деп айта аламыз. Сонымен, «Алтын қоңырау» ойыны Елордамыздағы «Корей мәдени» орталығында қыркүйектің 20-ы күні кешкі сағат 6 жарымда болады. Ойын шамамен бір жарым сағаттай өтеді. Сеулден келген арнайы ұйымдастырушылар ойынды жүргізеді. Ойынды корей тілі мен мәдениеті, тарихына қызығушы елордамыздағы мектептің жоғарғы сынып оқушылары мен корей тілін үйренуші барлық жастар тамашалай алады.

            Дастан Ақаш

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!