Нұр-Сұлтанда іскерлік медиа хабы пайда болуы мүмкін

14:04, 23 мамыр 2019

Алматы. 23 мамыр. 7kun.kz – «Астана» ХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов Нұр-Сұлтанда іскерлік БАҚ хабы құрылуы мүмкін екенін айтты.

«Біз мемлекеттік органдармен оның ішінде Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен Нұр-Сұлтан қаласында жаһандық іскерлік медиа хабын құру мүмкіндігін қарастырудамыз. Бізде қазір Bloomberg, CNN, Reuters сынды компнаиялармен қатар Еуразия, Қытайдың медиа компаниялары жұмыс істейді. Қазақстанға, ХҚО-на жалпы Орталық Азияға инвестиция тарту үшін жаһандық іскерлік медианың хабын құру қажеттілігі бар»,- деді ол.

Айта кетейік, Алматыда Еуразиялық медиа форум өтуде. Оның ашылуына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!