Нұр-Сұлтанда екінші индустриялық парк ашылуы мүмкін

15:23, 17 шілде 2019

Алматы. 17 шілде. 7kun.kz — Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов АЭА-ның шекарасын кеңейтіп, астанада екінші Индустриялық паркті ашу керектігі туралы айтты.

«Мемлекет басшысы қазақстандық кәсіпкерлік экономиканың қозғаушы күшіне айналуы тиіс екенін атап өтті. Нәтижесінде өңірлердегі бизнес үшін қолайлы жағдай жасау басым міндет болды. Бүгінде Индустриялық парктің аумағы 95%-ға толған. Алайда, жаңа өндірістер құру үшін біз АЭА шекарасын кеңейтуді және екінші Индустриялық паркті ашуды қарастырамыз», — деді Алтай Көлгінов кезектен тыс мәслихат сессиясында.

Әкімнің мәлімдеуінше, бұрын енгізілген жобалардың жүктелуі бойынша мәселелер бар, олардың көпшілігі тоқтап қалған.

«Индустриялық паркте 49 жобаның 10-ы мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейді; 2017-2018 жылдары енгізілген 12 жоба шамамен 5-10%-ға, 7 жоба 50-60%-ға және тек 20 жоба 80-90%-ға жұмыс істейді. Сондықтан инвестиция басқармасына индустрияландырудың әрбір жобасы бойынша егжей-тегжейлі талдау жүргізіп, жобалық қуатқа шығу және өндірісті қалпына келтіру бойынша Жол картасын енгізуді тапсырамын», — деді елорда әкімі.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!