Нұр-Сұлтанда белгілі театрдың директоры ақша жымқырды деп айыпталды

17:29, 23 қаңтар 2020
493

Алматы. 23 қаңтар. 7kun.kz — Нұр-Сұлтан қаласындағы М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс театрының директорына ғимаратты жөндеуге бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деп айып тағылды. Бұл туралы Интерфакс хабарлады.

«Нұр-Сұлтанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс театры» МКҚК директорына және ұрлыққа қатысы бар басқа да тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр»,- делінген ақпаратта.

Күдіктілерге орындалған жұмыстардың жалған актілеріне қол қою арқылы театр ғимаратын жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына және күрделі жөндеуге бөлінген 400 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылған.

Айта кетейік, бұған дейін елордалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Астана-Көкше» ЖШС директоры Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының ғимаратын қалпына келтіруге бөлінген 32 млн теңгеден астам теңгені жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!