Нұр-Сұлтанда аудан әкімінің орынбасары 5 млн теңге пара алған

16:25, 18 қазан 2019
583

Алматы. 18 қазан. 7kun.kz — Нұр-Сұлтан сотының үкімімен Алматы ауданы әкімінің орынбасары бес миллион теңге пара алды деп айыпталды. Ол үш жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі хабарлады.

«Қаланың «Алматы» ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары Т. М. Тілеуовке және «Лайн Групп» ЖШС және «Ақжайық Энерго» ЖШС директоры Б. К. Әбдиевке қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Тілеуов Б.К. Абдиевтен «Алматы» ауданын жарықтандыруға қызмет көрсету бойынша мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарт бойынша орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны, сондай-ақ жалпы қамқорлығы үшін пара алды деген күдікке ілінді.

Өз кезегінде Әбдиев те пара бергені үшін сотталды және оған 71 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі лауазымды тұлғаны ұстау видеосын жариялады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!