Нұр-Сұлтан қаласында Blockchain Central конференциясы өтеді

17:03, 24 маусым 2019

Алматы. 24 маусым. 7kun.kz – 2019 жылы 27-28 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында Астана Халықаралық Қаржы Орталығының Финтех Хабында Global Blockchain Business Council (GBBC) мен бірлесіп ұйымдастырылған Blockchain Central конференциясы өтеді, — деп хабарлайды орталықтың баспасөз қызметі.

Конференцияға АҚШ, Жапония, Қытай, Израиль, Нигерия және т. б. мемлекеттерден STHORM, Bitfury, Orbs, Soramitsu, Rowet Group, China Blockchain Application Research Center және басқа да ұйымдардың өкілдері қатысады. GBBC-бұл өнеркәсіп пен қоғам үшін блокчейн артықшылықтарын барынша арттыруға көмектесетін жаһандық салалық блокчейн технологиялары қауымдастығы.

GBBC реттеуіш органдарды, бизнес көшбасшыларын және жаһандық әзірлеушілерді тарту және оқыту жолымен блокчейн технологиясын одан әрі енгізуге арналған. Олар қауіпсіз, әділ және функционалдық қоғамдарды құру үшін осы инновациялық құралды қалай пайдалану керектігін үйрететін болады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!