Ninety One кореялық ТВ-шоудың жеңімпазы болды

17:34, 19 наурыз 2019
578

Алматы. 19 наурыз. 7kun.kz – Q-pop жанрында ән айтатын танымал қазақстандық Ninety One тобы Кореядағы I Can See Your Voice ТВ-шоуының 15 наурыздағы 6 шығарылымында жеңімпаз атанды.

MNET телеарнасында көрсетілетін шоуда қатысушылар бірнеше кезеңнен өтіп, әділқазылар алқасына өздерінің кәсіби орындаушы екендерін дәлелдейді.

Қазылар алқасы 6 қатысушыдан тұратын әншілерді таңдау керек болады. Финалға өткен қатысушылар арнайы шақырылған қонақтармен бірге ән айтады. Ал жарыс жеңімпазы 4,5 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы алады.

Ninety One тобы «Yes I am» әнін орындап, ақтық кезеңге өтеді. Финалда жігіттер Mamamoo тобымен бірге «Yes I am» әнін тағы орындайды. Alem (Батырхан Мәліков), Ace (Азамат Ашмакын) және Bala (Данияр Кулумшин) композицияны таза корей тілінде айтты. Көрермендерді және корейлік танымал әншілерді 91 тобындағы жігіттердің музыкалық білімі таңқалдырды.

Сонымен қатар, жарыс жеңімпазы ретінде Ninety One өздерінің «Айыптама» әнін айтты. Бұл ән корейлік телеарнада эксклюзивті цифрлық сингл болып шыққан.

16 наурызда Ninety One Кореядағы Naver-де ең көп сұралған сөз тіркесі болды.

Айта кетейік, Korean National University of Arts (K-Arts) магистратурасының студенті және Top Licensing Asia компаниясының қызметкері Әйгерім Бозшина қазақстандық әртістерді Кореяда танытуға ниет білдіріп, Ninety One-ды таңдайды. JUZ Entertainment және Пак мырзамен (Top Licensing Asia) ұзақ келіссөз жүргізгеннен кейін жігіттер Кореяға түсірілімге келді.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!