Нидерланды компаниясы Қазақстанда фри-картоп өндіруге 55 млрд теңге бөледі

16:39, 8 қараша 2019
579

Алматы. 8 қараша. 7kun.kz — Жамбыл облысында 54,3 млрд теңгеге фри-картоп өндірісін жолға қою жоспарланып отыр. Бұл туралы Инвесторларға қызмет көрсету, жобалық басқару және цифрландыру орталығында хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, зауыт құрылысына голландиялық Farm Frites Baheer B. V. компаниясы инвестиция салады.

«Келіссөздер нәтижесі бойынша жобаны іске асыру орны бойынша оң шешім қабылданды және зауыт салу үшін «Тараз химиялық паркі» АЭА аумағындағы алаң анықталды. Жалпы құны 54,3 млрд теңгені құрайды», – деді орталықта.

Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 70 мың тонна картоп өнімін құрайды.

Жобаны 2019-2022 жылдары іске асыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Фри өндірісі үшін картоп Шу ауданында өсіріледі.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!