Непалдық жалғыз милллардер Қазақстанда зауыт ашты

12:00, 11 желтоқсан 2019

Алматы. 11 желтоқсан. 7kun.kz — 2019 жылы 5 желтоқсанда Қазақстанда CG Corp Global тамақ өнімдерін өндіру зауытының салтанатты ашылуы өтті.

Бұл маңызды оқиғаның ашылуына Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Мамин мен компанияның негізін қалаушы, Непалдан келген бірінші және жалғыз миллиардер, доктор Бинод Чаудхари қатысты.

Wai Wai жаңа зауыты Шымкенттің жанындағы Қазақстанның, Орталық Азияның және Ресейдің негізгі нарықтарымен тиімді өзара әрекеттесу үшін стратегиялық орынға ие. Өндірістің негізгі бағыты — тез дайындалатын фирмалық кеспе.

Непалдағы ең жылдам дамып келе жатқан тұтынушылық тауарлар (FMCG) өндіретін компаниялардың бірі CG Foods Түркістан облысында зауытын іске қосты. Кәсіпорын мұнда өзінің флагмандық өнімдерін — Х-Press, Wai Wai кеспесі, сондай-ақ Қазақстан, Ресей және Орталық Азия нарықтарына арналған басқа да брендтерді өндіреді.

Жаңа фабрикаға 3 миллион доллардан астам қаржы салынады. 250-ден астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

«Біз Орталық Азияны дәмдегі инновациялар үшін ашық нарық ретінде қарастырамыз, ал CG Foods әрқашан жаңашыл компания болды», — деді CG Global атқарушы директоры Варун Чаудхари.

«Орталық Азияда жан басына шаққанда тез дайындалатын кеспені тұтыну Үндістанмен салыстырғанда айтарлықтай жоғары. Осылайша, біз жаңа зауыт іске қосылғаннан кейін бірнеше ай ішінде жоспарланған көлемдерге қол жеткізуді және одан әрі оны жаңа желілерді іске қосумен кеңейтуді жоспарлап отырмыз», — деді CG Foods Central Asia бас атқарушы директоры Александр Вязников.

Wai Wai Noodles — қонақ үй бизнесі, банк ісі және әлеуметтік кәсіпкерлікті қоса алғанда, түрлі секторларда мүдделері бар Непал трансұлттық CG Corp Global конгломератының бөлігі. Табысты стратегияның арқасында Wai Wai бренді алдымен жастар арасында танымал болды.

Wai Wai-ға Үндістандағы тез дайындалатын кеспе нарығының 28%-дан астамы тиесілі. Жылдық сатылымы — 2,8 миллиард қаптама, бқл көрсеткішпен бренд әлемдік кеспе нарығының 2%-дан астамын құрайды.

CG Corp Global — бұл 140 жылдан астам тәжірибесі мен дәстүрі бар жаһандық конгломерат. Сонымен қатар, 30-дан астам елде бөлімшесі және 76 бренді, 122 компаниясы және 10 000 қызметкері бар Непалдан шыққан алғашқы және жалғыз миллиардерлер корпорациясы. Дәстүрлі бизнеспен қатар, компания Чаудхари Қоры арқылы қайырымдылық қызметке белсенді қатысады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!