Нэнси Пелоси Тайванға не мақсатпен барғанын айтты

12:32, 3 тамыз 2022

Тайвань. 3 тамыз. 7kun.kz – Америкалық делегация Тайванға АҚШ аралды қолдау жөніндегі міндеттемесінен бас тартпайтынын білдіру үшін келді. Бұл туралы АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Тайвань әкімшілігі басшысы Цай Инвэнмен кездесуінде айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Біздің делегация Тайванға Тайванға жақтасудан бас тартпайтынымызды ұқтыру үшін келді әрі уақыт сынағынан өткен достығымызды мақтан тұтамыз», – деді төменгі палатаның спикері.

Ол «Ұлы Шоуцин Юн арнайы медалімен» марапатталды. Бұл – Тайвань билігінің ең жоғары марапаты.

Айта кетейік, 2 тамызда АҚШ Өкілдер палатасының спикері Пелоси Тайбэй әуежайына қонды. Қытай президенті «отпен ойнама, күйесің» деп ескерткен АҚШ әкімшілігі Пекинді «бір Қытай» саясатына адалдығына сендірді, бірақ спикер шешімді өзі қабылдайды деп, сапардан алшақтады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!