Неге Қазақстан транзиттен 5 млрд доллар ала алмайды

12:28, 15 шілде 2019

Алматы. 15 шілде. 7kun.kz — Қазақстан 2020 жылға қарай транзиттен алдыңғы жоспарға сай 5 млрд доллар емес, 3,3 млрд доллар кіріс ала алады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр мәлімдеді.

«Тағы бір мәселе — жүк транзитінен түсетін табыс. Біз барлық конференциялар мен форумдарда 2020 жылы, яғни келесі жылы транзиттен 5 млрд доллар ала аламыз деп айтамыз. Бұл қаншалықты жүзеге асырылады?»,- деп сұрады ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев министр Роман Склярдан.

«Транзиттен түскен табыстың динамикасы келесідей: өткен жылы көліктің барлық түрлері 1,7 млрд доллар табыс тапқан. Ағымдағы жылы 2,4 млрд АҚШ доллары және келесі жылы 3,3 млрд доллар. Төмендеу сыртқы санкциялардың ықпалына байланысты Иран мен Кавказ елдеріне, Кавказ арқылы Түркияға тасымалдар үлесінің айтарлықтай азаюынан туындады. Бұл шығындарды азайту үшін біз электрондық коммерцияның жыл сайынғы еселік өсуін көріп отырмыз және 2025 жылға қарай бұл көрсеткіш 3,5 млрд долларды құрайды», — деп түсіндірді министр.

«Бұл 5 млрд емес», — деді президент.

«Сол көлемдерге қатысты плюспен есептегендегі көрсеткіш. Сондықтан Қытайдан Еуропаға баратын жүктерді транзиттеу есебінен осы шығындарды (транзиттен түсетін кірістерді) өтейтін боламыз», — деп атап өтті министр.

«Аталған мәселеге қатысты өте күмәнді баяндама жасадыңыз. Деректерді тексеру қажет», — деді Тоқаев.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!