Назарбаев Nur Otan партиясының депутаттарын сынға алды

16:57, 18 қазан 2019

Алматы. 18 қазан. 7kun.kz — Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкімет мүшелерімен, «Нұр Отан» партиясымен және оның Мәжілістегі фракциясымен кездесуде депутаттар бұқаралық ақпарат құралдарын белсенді пайдаланбайтындығын айтты. Бұл туралы ұлт көшбасшысының сайтында хабарланған.

Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев депутаттардың өңірлерге жұмыс сапарларының форматын қайта қарауды және партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінде бірінші басшылардың азаматтармен кездесуін өткізу жөніндегі жұмысты жандандыруды тапсырды.

«Талдау біздің партияның депутаттары бұқаралық ақпарат құралдарын белсенді пайдаланбай отырғандығын көрсетті. Бұдан басқа, Nur Otan фракциясы қоғамды толғандыратын кең ауқымды мәселелер бойынша бастамашылық танытпайды. Соңғы бірнеше ай ішінде Nur Otan фракциясының мүшелері ешқандай резонанстық жағдай бойынша өз ұстанымын білдірмеген», – деді Тұңғыш Президент.

Сондай-ақ, Назарбаев стратегиялық бағдарламалар ресми түрде жүзеге асырылатынын атап өтті.

«Олардың орындалуына тиісті бақылау жоқ. Кейбір тармақтар мүлдем іске асырылмайды. Жоспарланған көрсеткіштерге тұрақты түзетулер енгізілуде. Сондықтан Ұлттық экономика министрлігі Nur Otan партиясымен және оның фракцияларымен бірлесіп осы бағдарламалардың орындалу барысын тыңдауды ұйымдастыруы қажет. 2025 жылға дейін аумақтарды дамытудың жаңа бағдарламаларын әзірлеуге кірісу керек», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Осыған байланысты Қазақстанның Тұңғыш Президенті 2020 жылдың 1 наурызына дейін әрбір аудан, қала, облыс бойынша аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеуді аяқтауды тапсырды.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев жеңіске жеткен партияның сайлауалды бағдарламасы үкіметтің бес жылдық қызметінің негізіне жатуы тиіс, ал Мәжілістегі партия фракциясының мүшелері ықтимал тәуекелдерге дер кезінде ден қоя отырып, бағдарламаның орындалуын үнемі бақылап отыруы тиіс екенін атап өтті.

«Біздің міндетіміз — ұзақ мерзімді көшбасшылықты сақтау. Мәжілістің жаңа партиялық сайлау бағдарламасын дайындау жұмыстары басталуы керек. Әр түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін нақты білдіру, адамдардың нақты сұраныстарына жауап беру керек», – деді партия төрағасы.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!